Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанда ақылы ҰБТ басталды

Қазақстанда ақылы ҰБТ басталды

   Бүгін Қазақстанда ақылы негіздегі Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Бірінші күні Астана қаласының өзінде 9 мыңнан астам түлек тестілуеге қатысты. Ал мемлекет бойынша тестілеуге қатысып жатқандар саны 35 мыңнан асады.
Бұл туралы  Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Бүгін біз тарихи сәтке куә болып отырмыз. Біздің елімізде тұңғыш рет балаларға бір жылда 4 рет тестілуеден өтуге рұқсат берілді. Бүгін бүкіл мемлекет бойынша 35 838 оқушы ҰБТ тапсырып жатыр», – дейді білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева.
Елордадағы №35 мектептің 11-сынып оқушысы Сұлтан Жолдыбектің сөзінше, ол үшін қаңтар айындағы тестілеу – өз білімін тексерудің мүмкіндігі.
«Қобалжып тұрған жоқпын. Бұл мен қауіпсіздік жастығым деуге болады. Бірнеше пән бойынша тапсырып көргім келеді. Себебі жазға жақын өз пікірімді өзгертіп, басқа мамандық таңдауым мүмкін. Қазіргі уақытта менеджмент мамандығын таңдасам деп отырмын», – дейді 11-сынып оқушысы.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұловтың мәліметінше, қысқы ҰБТ-да 20 мыңнан аса түлек тестіні мемлекеттік тілде тапсырып жатыр. Қалған 15 мыңнан аса оқушы орыс тілін таңдаған.
Сондай-ақ, 61 түлек тестілеуден ағылшын тілінде өтуді ұйғарыпты. Жазда бұл тілді таңдағандар саны 26 еді.
Аталған тестілеудің нәтижесі бойынша түлектер ЖОО-ларға ақылы негізде түсе алады. Ал мемлекеттік гранттан үміттілер маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысуы тиіс.
18 қаңтар 2019 ж. 1 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам