38 градус аяз: Алдағы демалыс күндері Қазақстанда күн суытады

«Қазгидромет» РМҚ мәліметінше, алдағы демалыс күндері Қазақстандағы ауа райына көбінесе антициклондар әсер ететін болады. Сондықтан еліміздің басым аймағында түнде 30-38 градусқа дейін аяз күтіледі. Ал күндіз ауа температурасы 18-27 градус, кей 30 градус аяз болады деп болжанып отыр.
Синоптиктер мәліметінше, бұл климаттық нормадан төмен.
Сондай-ақ, мамандардың болжамынша, Орталық Азия арқылы циклон жылжиды. Соның салдарынан Қазақстанның солтүстік жартысында суық және күшті антициклон болады. Ал Орталық Азиядағы жылы циклон республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының тау асуларында бұрқасын мен шығыс желінің күшеюіне себеп болады.