Алдағы күндері күн жылынып, -40 градусқа дейін қайта суытады
Казгидромет мәліметінше, 31 қаңтар мен 2 ақпанда Өзбекстаннан келетін оңтүстік циклон алдағы күндері орталық өңірге ауысады.
Қазақстанның оңтүстік-шығысында, шығыста, орталық, солтүстік өңірде ауа температурасы көтеріледі.
“Күн жылынғанымен қар жауып, боран соғады. Бет қаратпас жел соғады деп болжанды. Оңтүстік-шығыста құрғақ қар жауып, тұман түседі, жер беті көктайғақ болады. ”
Центрі Қара теңізден жоғары орналасқан суық антициклонның күші суық ауа ағыны келеді. Сондықтан күн жылынғанымен артынша суи бастайды. Орталық, солтүстік және шығыс аймақтарында түнгі температура минус 35 … 40 градусқа дейін төмендейді.