Қанат Ислам рингке қашан оралады?
Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) алдағы жекпе-жегіне жаттығуды қашан бастайтынын айтты.
Мұның алдында америкалық boxrec.com сайтында қазақстандық боксшының белсенді емес екені көрсетілгеніне байланысты боксшы карьерасын тоқтатты ма деген сұрақтар туындаған. Алайда WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері бұл ақпаратты растамады. Ол кезде қазақстандық боксшы наурызда жекпе-жекке шығуды жоспарлап отырғанын айтқан еді. Осыған байланысты Қанат Ислам жаттығу лагерін бастады ма деген сұрақ қойдық. «Қазір аяқ жарақатымды емдеудің соңғы процедураларынан өтіп жатырмын. Осыдан толық сауққан соң, Талғар жанындағы AIBA оқу-жаттығу кешенінде дайындықты бастаймын», — деді боксшы.
Ақпарат көзі: vesti.kz