Қазақстандықтар жол апатынан кейін сақтандыру өтемақысын 3 күннен соң ала алады

Асанов Жоғарғы соттың кеңейтілген отырысында бұған дейін өтемақы төлемін алу жол-көлік оқиғасынан кейін орташа есеппен 100 күн ішінде жүзеге асырылып келгенін айтты. «Түнгі сот» өз жұмысын бастағаннан кейін сақтандыру төлемі 15 күн ішінде алына бастаған. Оның 10 күні сот қаулысының күшіне енуіне кетеді екен.
«Егер біз Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске бастамашылық жасайтын болсақ, мұндай қаулылар тараптардың келісімі болған жағдайда бірден күшіне енетін қылсақ, онда бұл мерзімді 3-5 тәулікке дейін қысқартуға болады. Бұл адамдарға да қолайлы», – дейді Жақып Асанов.