Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру полисін электронды форматта ресімдеуге болады.
Ұлттық банк хабарлағандай, сақтандыру ұйымдарының клиенттері сақтандыру шартын электронды түрде жасап, сақтандыру полисін электронды форматта ресімдей алады. Міндетті және ерікті сақтандырудың барлық түрі бойынша электронды шарт жасасуға мүмкіндік туады.
Көлік иесінің сақтандыру шарты бар-жоғын бірыңғай база арқылы білуге болады.
Осылайша, міндетті сақтандыру шарты бойынша қағаз полистің қажеті болмайды. Жүргізушілер әкімшілік полиция қызметкерлеріне сақтандыру полисі қағазын көрсетуге міндетті емес. Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, 1 қаңтардан бастап қағаз түріндегі сақтандыру полисінің жоқтығы үшін 5 АЕК (2018 жылғы ахуал бойынша 12 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынбайды.
Бұл өзгерістер халық пен бизнес үшін сақтандыру бағасын арзандатып, сақтандыру төлемін алуды жеделдетеді, деп сенеді Ұлттық банк.
Қазір Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 612-бабында көрсетілгендей, көлік иесінің өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген басқару құқығына уақытша куәлiгi, көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисi, көлік құралына тіркеу және заңнамада белгiленген өзге де құжаттары  болуы тиіс.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ӘҚБК 612-бабы 1-бөліміндегі бірінші абзацтағы сақтандыру полисі туралы норма алынып тасталады.
Дереккөз: sputniknews.kz
25 қазан 2018 ж. 1 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 445 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам