Қазақстаннан АҚШ пен Жапонияға тікелей әуе рейсі қашан ашылады?

Үкіметтің кезекті отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек "Ашық аспан" жобасы туралы баяндады.
Қасымбектің айтуынша, биыл министрлік "Эйр Астана" әуе компаниясымен бірлесіп Токио, Нью-Йорк, Шанхай және әлемнің басқа да ірі қалалары бағыттары бойынша әуе қатынасын ашу жөнінде тиісті шаралар қабылдайды.
"Қазіргі таңда Токио бойынша жапон тарапымен келісімге қол қойылды", - деді ол.
Сондай-ақ, биыл АҚШ-қа ұшу үшін аккредитация рәсімдері басталмақ.
"Министрлік "Ашық аспан" жобасы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасында әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім жобасын қол қоюға әзірледі. Қол қою биыл наурыз айына жоспарланды", - деді Қасымбек.
Министр биыл ірі қалаларда 4 бағыт бойынша әуе рейстерін ашу жоспарланып отырғанын атап өтті.