МИНИСТР ЕЛІМІЗДЕ КӨМІР БАҒАСЫ 15-20 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН ТӨМЕНДЕЙТІНІН АЙТТЫ
Көмір бағасын төмендету үшін инвестициялар және даму министрлігі тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы, жергілікті атқарушы органдар және қоймалардағы коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатушылар арасында меморандум жобасын әзірледі деп жазады Sputniknews.kz.
Бүгін үкімет отырысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек көмірді арзандату бағытында қандай шаралар қолға алынғанын баяндады. Министрлік коммуналдық-тұрмыстық көмір бағасын төмендету үшін тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы, жергілікті атқарушы органдар және қоймалардағы көмірді сатушылар арасында меморандум жобасын әзірлеген.
«Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірдің бағасы көмірдің сапасы мен соңғы тұтынушыға дейінгі қашықтыққа байланысты орташа есеппен 15 мың теңгені құрайды. СҚО, Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Алматы облыстарының жергілікті атқарушы органдары өңірлерде орналасқан қойма иелерімен меморандум жасасты. Қалған өңірлерде де осы бағытта жұмыстар жүргізлуде. Бұл жұмыс екі күн ішінде толығымен аяқталады деп жоспарлап отырмыз», – деді Қасымбек.
Меморандум аясында республика бойынша көмір бағасы 15-20 пайызға немесе 2,5-3 мың теңгеге төмендемек.
«Қолға алынған шаралардан кейін Астанада көмір бағасы бір-екі аптаның ішінде 18%-ға төмендейді деп жоспарланып отыр. Яғни 13 600-14 500 мың теңгеден 11 200 теңгеге дейін арзандайды», – деді ол.
Министрдің айтуынша, меморандумға қол қойылғаннан кейін Ақмола облысында көмір бағасы орта есеппен 16%-ке немесе 2200 теңгеге, Алматы облысында 18%-ке, яғни 3 мың теңгеге төмендемек.
«Солтүстік Қазақстан облысында 16 пайызға, ал Шымкентте 17 пайызға, 12 150 теңгеге дейін арзандайды. Қазір Шымкентте көмір бағасы 14 700 теңге», – деді Қасымбек.
Сондай-ақ, меморандумға қол қою нәтижесінде республиканың теміржол қоймаларында Шұбаркөл көмірінің құны орташа 15-20 процентке төмендейді. Қаражыра мен Майкөбе де көмірді арзандатуға дайын.
«Бақытжан Әбдірұлы (үкімет басшысы – автор ескерт.), біздің сұрайтынымыз, әкімдіктер екі күн ішінде меморандум бойынша жұмыстарын толығымен аяқтауы керек», – деді министр.
Премьер-министр әкімдерге соңғы тұтынушыға көмірдің арзан бағамен жетуін қамтамасыз етуді тапсырды.