Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Павлодар облысында бүтіндей бір отбасы ыстан уланып қайтыс болды

Павлодар облысында бүтіндей бір отбасы ыстан уланып қайтыс болды

   Павлодар облысында тағы бір отбасы түгелдей ыстан уланып қайтыс болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылында бүтіндей бір отбасы – әкесі, анасы және екі баласы ыстан уланып көз жұмды. Қайғылы хабар төтенше жағдайлар департаментіне кешкі 21:30-да келіп түскен. Белгілі болғандай, анасының аяғы ауыр, ішіндегі баласы 5 айлық болыпты.
«06.02.2019 жылы сағат 21:30-да Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылының әкімдігінен Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабар келіп түсті. 14 шаршы метрді құрайтын жеке тұрғын үйде 4 адамның мәйіті табылыпты. Олар: Бекболатов Рустам – 1979 жылғы, Бекбатырова Наталья – 1980 жылғы, Бекбатырова Динара – 2004 жылғы, Бекбатыров Дамир – 2007 жылғы. Ауыл тұрғындарының айтуынша, Наталья жүктіліктің 5 айында болған. Әкесі мен анасы уақытша жұмыссыз жүріпті. Ауыл әкімі М.А.Мұқановтың айтуынша, отбасы түтіннен уланып қаза тапқан. Оқиға орнында жауапты мекеменің қызметкерлері және кезекші прокурор тексеріс жұмыстарын жүргізуде», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Деректерге сәйкес, олардың 17, 18 жаста тағы екі қыздары бар екен. Олар аудан орталығында оқитындықтан үйлерінде болмаған.
07 ақпан 2019 ж. 2 368 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 593 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам