Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада бір отбасынан 6 адам көмірқышқыл газына уланып қалды

Қызылордада бір отбасынан 6 адам көмірқышқыл газына уланып қалды

   Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Қожакент ауылында тұратын бір отбасының алты мүшесі көмірқышқыл газына уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқыс оқиға салдарынан олар аудандық ауруханаға түсті. Қажетті ем алғаннан кейін олардың денсаулығы қалпына келді. Оқиға барысы былайша өрбіген. Тұрғын үй пешінің мұржасы тартпай қалған. Соның салдарынан түтін үйдің ішіне жайылған. Үй иесі терезелерді ашып желдетіп, бөлме ішін түтіннен тазартады. Дегенмен көмірқышқыл газының иісі қалып қояды. Оны таң атқаннан кейін тазартуға шешім қабылдайды. Ол отбасы мүшелерінің көмірқышқыл газынан уланып қалуына себеп болған.
«Мұндай жағдай жиі кездесіп жатады. Сондықтан тұрғындарға өмірлеріне немқұрайлықпен қарамауын сұраймыз», - деді Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада иіс тиіп уланған үш бала көз жұмғанын хабарлаған едік.
16 қаңтар 2019 ж. 1 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам