Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Облыста 7 индустриялық жоба іске қосылды

Облыста 7 индустриялық жоба іске қосылды

   Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді.
«Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста 25 жоба іске асырылуда, бүгінде оның 7–і іске қосылды. Олар РМЗ-Шапағат серіктестігінің үй құрылыс комбинаты, «Жан Арай жем» серіктестігінің құрама жем зауыты, «АралТұз» акционерлік қоғамының 2 жаңа испан цехы, Арал ауданындағы қаптама кірпіш және асфальтбетон зауыттары», - деді Ринат Сұлтангереев.
Былтыр құрылыс индустриясы саласы бойынша 2 өндіріс орны іске қосылды. Жаңақорған ауданында қуаттылығы 75 мың тонналық әк зауыты, қазірдің өзінде өнімі облыстың ішінде ғана емес, республиканың басқа өңірлеріне де шығарылуда.
Сондай-ақ, өткен жылы мерзімінен бұрын цемент өндіретін облыстағы алғашқы кәсіпорын ашылды. Кәсіпорын цемент өндіруде негізгі компонент болатын 11 мың тоннадан астам клинкер шығарды. Зауыт өнімі құрылыс индустриясында кеңінен қолданылып қоймай, мұнай-газ, атом өнеркәсібі саласында да пайдаланылады.
Өңірімізде басқа да ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
07 ақпан 2019 ж. 974 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам