Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тыртықтан қалай арылуға болады?

Тыртықтан қалай арылуға болады?

   Түрлі жарақаттың теріде қалған орны, яғни тыртықтан арылудың жолы бар ма? Өкінішке орай, тұрмыста келеңсіз, оқыс жағдайларға тап болып, терісіне «таңба» салынған жандар жоқ емес. Демек, олар үшін бұл сұрақтың жауабы өте маңызды. Ендеше, жығылып-сүрінгеннен, құлап, күйік шалғаннан немесе отадан кейін қалған ізден арылудың жолын іздестірейік.

Лимон шырыны

Лимон шырынын тыртыққа күнделікті жағып отыру керек. Бұл емді нәтиже шыққанша жалғастырыңыз. С дәруменіне бай лимон шырыны дөңкиіп тұрған теріні жұмсартып, орнына келтіреді және қызарғанын (кейбірі көгергенді) басады.

Алоэ вера

Ол терінің қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Алоэ вера шырынында С және Е дәрумендерінің мөлшері көп. Олар теріні жасартып, емдейтін антиоксиданттар екені белгілі.

Аспирин

2 таблетканы ұнтақтап, қоймалжың болуы үшін 1 тамшы су тамызыңыз. Оны тыртыққа жағып, кеуіп қалғанда сумен жуып тастаңыз. Бұл емді күнделікті қайталаңыз.

Бал

Бал теріні қажетті дәрумендермен, минералдармен және антиоксиданттармен қамтамасыз етеді. Тыртық болып, қатайған теріні жұмсартып, терінің табиғи түсін қайтарады. Сондай-ақ терінің жаңа жасушаларының түзілуіне әсер етеді.

Алма сіркесуы

Оның да қатайған теріні жұмсартатын, түсін қайта қалпына келтіретін әсері бар. Сондықтан күніне бірнеше рет алма сіркесуымен тыртықты сүрту пайдалы.

Сарымсақ майы

Онымен де тыртықты емдеуге болады. Егер сарымсақ майы табылмаса, сарымсақтың өзін езіп алып, тыртыққа басу керек.
http://reactor.inform.kz
07 ақпан 2019 ж. 1 051 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам