Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Халықтың сынына жауап берді

Халықтың сынына жауап берді

  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өзіне қатысты барлық сыннан қорытынды шығаратынын мәлім етті.
Үкімет отысырынан шыққан министрге журналистер «қоғамдағы наразылыққа байланысты отставкаға кетесіз бе?» деп сауал жолдады.
Алайда Мәдина Әбілқасымова сұрақтан жалтара жауап берді.
«Біз сынды естіп тұрамыз. Ең бастысы, бұл сыннан қорытынды шығарамыз. Жағдайды барынша жақсартуға тырысамыз. Жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар қабылданады, - деді ол.
Осы орайда министр ҚР Үкіметінің жанынан құрылған ел азаматтарының табысын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту, әрі көпбалалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы аясында көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бақылауда болатынын мәлім етті.
«Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, барлық ұсыныстарды жинаудамыз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сол арқылы арнайы есебін шығаруда. Барлық талаптарды жинап жатырмыз. Атқарушы органдарға ғана емес біздің министрлікке де көпбалалы аналар келіп жатыр. Бүгін де кездесу болады. Ұсыныстардың барлығын жұмыс тобы аясында шешуге тырысамыз», - деді ол.
Айта кетейік, 4-ақпанда Астанадағы Көктал тұрғын үй алабында өрт шығып, 5 бала көз жұмды. Кейін әлеуметтік желіде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың жұмысына қатысты сын айтылды.
13 ақпан 2019 ж. 1 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам