Университет грант ұтып алды

Байқау комиссиясы патенттер мен ғылыми-зерттеу жобалары үшін алынған гранттар санына, қаржыландыру көлеміне назар аударды. Сондай-ақ, мамандарды оқытуға да баса мән берілді. Одан бөлек, шетелдік және отандық журналдарда қызметкерлердің соңғы 3 жылда жариялаған технологиялық мақалалар саны есепке алынды. Шетелдік ғылыми ұйымдары, зерттеу институттары, ғылыми жұмыстармен айналысатын компаниялармен ынтымақтастық байланысы да маңызды болды.
Грант университеттің қуаттылығын арттырып, институционалдық әлеуетін күшейту мақсатында тегін берілді. Университет Дүниежүзілік банктің үйлестіруімен Жобаны басқару комитеті бекіткен Технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру бойынша кеңселерді жүзеге асыру жоспарын басшылыққа алатын болады.