Мақпал Жүнісова елді күлдірді (видео)
Мақпал Жүнісова отандық радиолардың біріне сұхбат беріп, күйеуге шығу туралы әзілдеді. Халық артисі: «Сізге ғашық жігіттерден хат келіп жатыр» деген журналистің сөзіне әзілмен жауап беремін деп елді күлкіге қарық қылды, деп жазады Stan.kz.
«Халықтың жылы сөзінен ұйқым ашылып кетті. Шай бердіңдер әдемілеп. Құдай-ай, масқара боп күйеуге шығып кетем ба құрысын? Баяғыда біреу 9-шы рет күйеуге шығып бара жатып: Құдай-ау өстіп жүріп, бұзылып кетемін ба? — деп айтыпты», — деп күлді Жүнісова.
Желі қолданушылары аталған сәтті тамашалап, әншінің жарқын күлкісі мен қарапайымдылығына тәнті болды.