Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада көп балалы ана баспаналы болды

Қызылордада көп балалы ана баспаналы болды

   Қызылорда облысында көп балалы аналарға әрдайым қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекет тарапынан да жан-жақты жағдайлар жасалуда. Алтын құрсақты аналарды ардақтауды үкіметтік емес ұйым өкілдері де жиі дәріптеп тұрады. Бұл жолы Республикалық "Харекет" қайырымдылық қоры Шиелі ауданының тұрғынына баспана кілтін табыстады. "Мың теңгеге баспана" жобасы аясында Ұлжамал Әлиева есімді көп балалы, тұрмысы аз қамтылған ана үйлі болды. Ол жалғыз өзі алты баланы өсіріп келеді. Тағдырдың тауқыметіне мойымаған ана баспаналы болуды біраздан бері армандап жүрген. Аяулы ананың арманы орындалып, жайлы баспанамен қамтылды.
Айта кетейік, бұған дейін "Харекет" қайырымдылық қоры ел бойынша тұрмысы төмен 71 адамға қоныс сыйлаған еді. Айтулы шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 
"Мен көп балалы анамын. Кенже балам туа бітті мүгедек. Балапандарымның ризығы болар бүгін баспаналы болып жатырмын. Тосыннан жасалған үлкен сыйлық жасағандарға алғысым шексіз. Барлығына рахметімді айтамын. Бұған дейін уақытша үйде тұрып келгенімін. Жаңа баспаналы болуды біраздан бері аңсаған едім. Енді міне жаңа үйлі болып жатырмын. Менің мақсатым сол балаларымды ел үшін қызмет ететін азамат қылып тәрбиелеу",- деді Ұлжамал Әлиева.  
kyzylorda-news.kz
16 ақпан 2019 ж. 1 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам