Қазалыда «Coworking» орталығы ашылды

– Қазалы ауданында ашылған көше кітапханасы республикада тұңғыш рет ұйымдастырылған жоба. Аталған жобаны өзге аудандар да үлгі етіп, көше кітапханаларын ашты. Бұл – қуантарлық іс. Ал «Сoworking» орталығы аудан жастарына қолайлы орын болатыны анық, - дейді Нұржамал Ахметқалиқызы.
Сондай-ақ шараға Арал, Жалағаш, Жаңақорған аудандарының кітапхана қызметкерлері де қонақ ретінде қатысты.
Айта кету керек, кітапхана ішінде ашылған «Сoworking» орталығында жастар мен жасөспірімдер уақытын тиімді өткізе алады.
Аудан жастары бұл жерде қызықты акцияларға, зияткерлік ойындарға және тағы басқа шараларға қатыса алады. Сонымен қатар орталықта шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнайтын орындар да бар.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі