Бекем болашаққа – жаңа бастамамен!

Атаулы көмек алып отырған көпбалалы отбасылардың әрбір баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін өсіруді тапсыруы – Мемлекет басшысының ел болашағына жасаған үлкен қамқорлығының бір парасы десек қателеспейміз. Сондай-ақ, 2-3 пайыз жеңілдікпен баспана сатып алу мүмкіндігінің қарастырылуы табысы төмен, көпбалалы аналар үшін зор көмек болғалы тұр.
Сонымен қатар, тұтастай мемлекеттің дамуына кішігірім ауылдардың көркеюі ықпал ететіндігін тілге тиек еткен Елбасы елді мекендерді өсім даму нүктелеріне айналдыру қажеттігін баса айтты. Осыған байланысты Президент Үкіметке "Ауыл – ел бесігі" арнайы жобасын жүзеге асыру үшін ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды. Бұл өз кезегінде ауыл-аймақ әлеуетін айтарлықтай артуына негіз болмақ.
Есенжол НАЗАРОВ,
«Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.