Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Көшбасшы партияның конференциясы

Көшбасшы партияның конференциясы

    А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде "Нұр Отан" партиясының 20 жылдығына арналған конференция өтті. Оған облыс әкімі, партияның облыстық филиалы төрағасы Қырымбек Көшербаев қатысып, көшбасшы партияның еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңыздылығын ерекше атап өтті.
– Партияның бірінші съезі 1999 жылдың 1 наурызында өткен еді. Еліміздің жетекші партиясы жиырма жылдың бедерінде үлкен жолдан өтті. Өткен жылдар ішінде партия еліміздегі жағдайды тұрақтандыруға, елді дамыту мен халықтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы міндеттерді орындауға зор үлес қосты, – деді аймақ басшысы.
Елбасы Жолдауында аса басымдық берілген тұрғын үй салу мәселесіне байланысты өңірде "Орда" тұрғын үй құрылысының "Жол картасы" әзірленді. Бүгінде бұл бағдарлама Елбасының "7-20-25" бастамасының әлеуметтік жалғасы аясында өз нәтижесін беріп келеді. Аталмыш бағдарламаның мүмкіндіктерін алғаш болып апатты үйде және жатақханаларда тұратын тұрғындар пайдаланғаны белгілі. Ал, наурыз айында "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ арқылы кейін сатып алу құқығымен қаланың сол жағалауынан  248 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарына табысталмақ.
Расында, жиырма жыл белесінде "Нұр Отан" партиясы шын мәнінде жасампаздық пен біріктіруші күшке, саяси сахнада салмағы басым көшбасшыға айналғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Бүгінге дейін ел игілігіне "Нұрлы көш", "Ауыз су", "100 мектеп, 100 аурухана", "Болашақ" сынды өзге де ірі әлеуметтік бағыттағы бағдарламалар іске асты. Қазіргі таңда мектеп оқушылары үшін тегін IT-сынып пен ақпараттық технологиялар саласына білікті мамандар даярлау үшін IT орталық ашу, геоақпараттық онлайн қызмет порталын құру, мектеп асханалары мен спорт алаңдарын жаңғырту және басқа да заман талабымен үндесетін істер бар. Бүгінгі күні 1 миллионнан астам қазақстандық партия қатарында. Елімізде қолға алынып жатқан мұндай келелі істерді тілге тиек еткен партия ардагері Қуанышқали Шапшаңов мемлекеттің саяси өміріндегі аталмыш партияның осындай айшықты тұсын атап өтті.
Ал, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы Саяси бюросының мүшесі, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов Елбасының өткен жылғы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының облыста жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
– Облыс бойынша жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеруге ниет білдірген мекемелер мен кәсіпорындар арасында түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Нәтижесінде бүгінгі күні облыс бойынша 29 ірі және орта кәсіпорындарда 2548 адамға жалақыларын 44 400 теңгеден 54 200 теңгеге дейін  көтеруді растап отыр. Білім беру саласында аймақта Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту әдістемесіне сәйкес білім беру жүйесінде жаңартылған мазмұнды енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі күні ол 46 мектепте енгізілді, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ, облыста балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептердің 88 пайызы бейнебақылау құралымен қамтамасыз етілген.
Жиын барысында күн тәртібіне сәйкес "Нұр Отан" партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов партияның 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін түсіндірді. Ал, партия Жарғысына енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер туралы партия мүшелерін облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев құлақдар етті.  
Айта кетейік, конференцияда ақпан айының соңында Астана қаласында өтетін "Нұр Отан" партиясының кезекті ХVIII съезінің делегаттар тізімі бекітілді. Белгілі болғандай, облыстан аталмыш съезге 61 делегат қатысады деп жоспарлануда.
Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
19 ақпан 2019 ж. 1 005 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам