Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Көп балалы аналарға қамқорлық

Көп балалы аналарға қамқорлық

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын арттыру жөнінде құзырлы орындар, тиісті мекемелерге міндеттегенін естідік. Өзім бес баланы дүниеге әкеліп, бағып-қағып отырған жас анамын. Жасыратыны жоқ, кейде қаржы жетіспеушілігі жағдайы кездеседі.
«Үкіметке әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды, әсіресе, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырамын. Аталған көрсеткішті күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін жеткізуіміз керек. Ал атаулы көмек алып отырған көпбалалы отбасылардың әрбір баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Аталған көмекті барынша жеңілдету керек. Халық ары-бері шапқылап жүрмесін. Сосын ондай отбасылардың табысын есептегенде басқа әлеуметтік жәрдемақыларды санауды алып тастау қажет. Әйтпесе, соның бәрін санағанда көпбалалы отбасылар бай азаматтар болып шыға келеді», – деген сөзі расында көптеген жас аналардың көңіліне қуаныш ұялатты.
Сонымен қатар, Елбасы көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салуды тапсырды. Бұл халыққа үлкен демеу екені анық.
Гүлнара Ермағанбетова,
көп балалы ана.
Сырдария ауданы, Бесарық ауылы.
27 ақпан 2019 ж. 1 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам