Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Елбасы: алдымызда Президент сайлауы бар

Елбасы: алдымызда Президент сайлауы бар

   Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезін қорытындылау кезінде президент сайлауы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Алдымыздағы мақсат белгілі, мемлекеттің экономиканың әр саласында жариялаған бағдарламасы бар. Қаражат жағы айтылды. Елдің күтіп отырғанын естіді. Депутаттар мен делегаттардың сөйлеген сөздері мен ұсыныстарына қолдау бар екенін көрдік. Сондықтан біздің партиямыз, менің ойымша, өте үлкен күш», — деді президент сьезді қорытындылап жатып.
Бірақ ол партия мүшелері «біз көппіз деп отыра бермей, нақты жұмыс істеуі» керектігін атап өтті.
«Партияның өкілеттігі барлық жерде бар. Егер тек қана партияға мүше болып отырмыз демей, міндеттерімізді орындап жүрсек, елге қызмет істейміз, абыройлы партия атанамыз. Ал ондай дәреже партияға керек», — деген Назарбаев алдағы сайлау туралы бірер ауыз сөз айтты.
«Алдымызда сайлау келе жатыр. Парламент сайлауы да бар, президент сайлауы да бар. Ондай сынақтан өту үшін партия алдын ала еңбегін сіңіріп, халықтың сеніміне ие болуы керек», — деп президент сөзін түйіндеді.
28 ақпан 2019 ж. 1 953 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам