Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРІ БІЛІКТІЛІГІН КӨТЕРДІ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРІ БІЛІКТІЛІГІН КӨТЕРДІ

 
Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен «Біліктілік орталығы» ЖШС-і республикамыздың барлық өңірлерінде «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтерін басқару негіздері» тақырыбында оқыту семинарлары өткізуде.
Мұндай шара Қызылордада Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен облыс бойынша 7 аудан мен Қызылорда қаласы аумағында өткізілді.
Семинарларға ауыл шаруашылығы кооперативтерінің төрағалары мен мүшелері, ауылдық округ әкімдері, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария бөлімдерінің және мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары қатысты.
Семинар барысында АШК құрудың құқықтық негіздері мен жұмыс жүргізуі, кооператив қызметінің экономикалық тиімділігі, салық салу жүйесі бойынша қызметін жүргізу ерекшеліктері, мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді.
Шараны ұйымдастырып, басы-қасында жүрген Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Алма Пірманова: «Семинарда дәрісті Біліктілік орталығының сарапшылары Нұрадин Әлібаев пен Айтуған Шәріпұлы және Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Дәулет Ғаниев жүргізді. Семинар қорытындысымен 400 тыңдаушыға арнайы сертификаттар берілді. Мұндай шаралар ауыл адамдары үшін сала мамандарының өздері келіп, оқытуымен құнды. Себебі, жасыратыны жоқ, ауыл шаруашылығы саласының мамандары біліктілігін көтеру үшін арнайы барып оқи бермейді, әрі кететін қаржы да қомақты болмақ. Ал бұл семинарлар тегін», - дейді.
16 қараша 2017 ж. 1 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам