Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОБЛЫСТА 40-ТАН АСТАМ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІ ҚҰРЫЛДЫ

ОБЛЫСТА 40-ТАН АСТАМ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІ ҚҰРЫЛДЫ

  2017 жылы Қызылорда облысы әкімдігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арасында келісілген үшжақты индикативті іс-шара жоспары бойынша 20-дан астам жеке қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен барлығы 19 ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарланған.
Қазіргі таңда облыста 1019 жеке қосалқы шаруашылықтың бірігуімен 40 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды. Оның ішінде, 20-дан астам жеке секторлардың бірігуімен 38 кооператив құрылды. 2016-2017 жылдар аралығында құрылған 31 кооператив 2 443,0 млн теңге қаржыға 14308 бас МІҚ, 550 бас уақ мал, 56 бас жылқы, 3000 бас құс, 2 рефрижератор және 1 мал азығын дайындау цехын сатып алуға қол жеткізді. Сонымен қатар, тіркелген кооперативтердің 20-сы мал сою алаңымен, 5-і сүт қабылдау бекетімен, 3-і сүт өнімдерін өңдейтін цехтармен, 7-і рефрижератормен қамтамасыз етілген болса, 6 кооператив мал сою алаңын, 2 кооператив сүт қабылдау бекетін, 1 кооператив трактор сатып алу бойынша жұмыстар жасауда. Облыста бүгінгі таңда 233 ауыл шаруашылық кооперативтері жұмыс істейді. Олардың жұмысын үйлестіретін облыстық штаб құрылған. Мемлекет сүт қабылдау пункттерін және мал бордақылау алаңдарын құрған кооперативтердің шығындарының 50 пайызын жабуға субсидия береді.
05 қазан 2017 ж. 2 086 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам