Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША КӨШ БАСЫНДА ТҰР

ҚЫЗЫЛОРДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША КӨШ БАСЫНДА ТҰР

  Соңғы 10 айда елімізде 8 млн 800 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5 пайызға артық.
Осылайша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жылдық жоспары 87 пайызға орындалып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов хабарлады.
Оның айтуынша, биыл әкімдіктерге бөлінген 25 млрд теңгенің 93 пайызы игеріліп, нәтижесінде тағы 6 мыңға жуық пәтер салынып жатыр. Оның жартысы жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс.
60 мың жер теліміне желілер тартылу үстінде. Ал жеке құрылыс компаниялары ұсынған 35 жобаның 18-іне субсидия берілетін болды. Жобалардың жалпы құны 24 млрд теңгеге жуық. Айта кетейік, баспана құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан өңірлер санатында Маңғыстау, Алматы, Қызылорда және Атырау облыстары көш бастап тұр.
– Ипотека беруді бесінші бағыт қабылданған болатын. Біз биыл 120 млрд теңгеге 8 мың кредит беріледі деп жоспарлағанбыз. Бірақ енді жобаланғандай болмай отыр. 790-нан кредит алушы арыз берді. Енді бұл жұмыс осы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап толыққанды іске қосылды деп айтуға болады, – дейді ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.
16 қараша 2017 ж. 2 075 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам