Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Нәзік жандар ел тыныштығын қорғауға әркез әзір

Нәзік жандар ел тыныштығын қорғауға әркез әзір

   Бүгінде еліміздің әскери құрылымдары мен құқық қорғау органдарында қызмет атқаратын нәзік жандар аз емес. Ерлермен бірге иық тірестіре қоғамның қауіпсіздігін қамтамсыз етіп, қылмыс пен заң бұзушылықтардың алдын алуда бұрымды полицейлер де өз міндетін мінсіз атқарып келеді. 
Сондай арулардың бірі, Қызылорда облысының полиция департаменті, әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Раушан Шохаева. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында антына адал, қайсар мінез Сырдың сұлу сақшысы туралы мақала жариялауды жөн көрдік.
Раушан Ерсұлтанқызы 1987 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол мектеп оқып жүрген кезінде-ақ, құқық қорғау органында қызмет етіп, полицей болуды армандайды. Кейін сол алға қойған мақсатын жүзеге асырып, тәртіп сақшыларының қатарын толықтырды. Он жыл бұрын қызмет бабының төменгі баспалдағынан бастаған Раушан бүгінде полиция капитаны шеніндегі басқарма инспекторы. Осы уақыт аралығында ол білім-біліктілігімен ғана дараланып қоймай, жауынгерлік оқу-жаттығу сынақтарында да жоғары даярлығын көрсетіп келеді. Сақшы қыз атыс қаруын жақсы меңгергені сонша құралайды көзге атқан мерген. «Макаров» пистолетімен нысананы көзге алса, атқан оғы мүлт кетпейді. Осы кезге дейін талай облыстық, республикалық полиция құрылымындағы нәзік жандар арасындағы атыс қаруынан ату сайыстарында бір емес бірнеше мәрте үздік атанып, Сыр өңірі полициясының мерейін асырып, мәртебесін көтеріп жүр.
Көркіне мінезі сай бұрымды полицей қызмет бабынан тыс, қоғамдық-мәдени шараларға да белсенді қатысып келеді. 2016 жылы Раушан облыстық полиция департаментінің «Көктем аруы» байқауында жеке қарым-қабілеті мен қазақ қызына тән ибалылығын паш етіп, жүлделі екінші орынды иеленді.
Бүгінде «жұлдызды» офицер атанған Раушан Шохаева әріптестері арасында сыйлы, зор құрметке ие. Құқық қорғау органындағы еселі еңбегі бағаланып, министрлік және департамент басшылығы тарапынан түрлі марапатқа ие болды. Біздің кейіпкеріміздің өмірлік ұстанымы елге адал қызмет атқарып, жүктелген міндетті абыроймен орындау. Міне, Раушанның бойындағы осындай қайсарлық қасиеттерін көріп, қазақ қыздарының да ел тыныштығын қорғауға әр кез әзір екенін аңғарамыз.  
Бағлан АЛТЫНБЕК,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенті.
Б
05 наурыз 2019 ж. 1 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам