Журналист қыз-келіншектерді құттықтады
Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен журналистер қауымын құттықтады.
Мереке қарсаңында департаментте салтанатты жиын өтті. Жиында департамент бастығы полиция полковнигі Мұхитов Қайрат Болатұлы журналистер қауымын көктем мерекесімен құттықтады.
«Мереке қарсаңында полиция қызметкерлерінің қоғамдағы оң имиджін қалыптастыруда белсенді атсалысып жүрген журналистер қауымын құттықтай отырып, жаңалықтарыңыз жағымды, қаламдарыңыз қарымды болсын» деген тілегін жеткізді Қайрат Болатұлы.Көктемнің, гүлдер мен қуаныштың мерекесімен құттықтай отырып, тәртіп сақшылары журналистерге гүл падишасы нәзік қызғалдақтар сыйлап, мерекелік сый-сияпат көрсетті.Өз кезегінде журналистер қауымы елеп ескерген тәртіп сақшыларына алғыстарын білдірді.
Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі