«ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 155 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мейрамына орай, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтті.
Шара салтанатты әнұран ырғағымен ашылып, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал- полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының құттықтау хаты оқылды.
«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арнайы түсірілген «Тұңғыш Президенттің өмір жолы» бейнеролигі департамент қызметкерлерінің назарына ұсынылды.
Шара барысында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Қайрат Мұхитов сөз алып, жиналғандарды, жеке құрамды айтулы мерекемен құттықтады.
Мерекелік шара барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін барлығы 155 ішкі істер органдары қызметкерлері марапатталды. Оның ішінде 16-сы «Қазақстан Полициясына – 25 жыл» естелік төс белгісімен марапатталды. Айта кетерлік жайт, марапатталғандардың қатарында құқық бұзушылықтармен күресіп, құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген төменгі құрылым қызметкерлері, аудандық ішкі істер бөлімдері, Қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері де бар. Бұдан әрі шара концерттік бағдарламаға ұласты, патриоттық әндер айтылып, мерекелік билер биленді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.