Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жаңақорғанда сиыр үш бұзау туды

Жаңақорғанда сиыр үш бұзау туды

   Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Бірлік ауылының тұрғыны Әлімхан Данияровтың сиыры бірден үш бұзау туды. Бұл - сирек кездесетін құбылыстың бірі, деп хабарлайдыҚазАқпарат тілшісі.
Әлімхан Данияров мал өсірумен айналысады. Биыл қара сиыры бірден үш бұзау туып, елді таңырқатып отыр. Қазақ халқының тыныс-тіршілігінде мұндай жағдай кездесіп жатады. «Бұзаулардың жағдайы қалыпты болды. Екеуі бірден-ақ аяғынан тұрып кетті, үшіншісіне еміздік арқылы сүт бердік», - деді Әлімхан Данияров. Қазақ халқында малдың амандығы үшін артық туғанын жақын-жуығына таратып беретін ырым бар. Ауыл тұрғыны да осындай ырымға сүйеніп, таныстарына екі бұзауды үлестірді. Бұл жағдай жергілікті ветеринария мамандарын да таңғалдырып отыр. Мұндай жағдай Қызылорда облысында алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. 2013 жылдың қараша айында Шиелі кентінде де сиыр үш бұзау туған еді. Сондай-ақ, екі жылдай бұрын әлеуметтік желіде елімізде төрт бұзау туған сиыр туралы видео таралған болатын.  
10 наурыз 2019 ж. 1 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам