Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА БІР КҮНДЕ ЕКІ АДАМ СУҒА КЕТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БІР КҮНДЕ ЕКІ АДАМ СУҒА КЕТТІ

    Қызылорда облысында бір күнде екі адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиғаның бірі Қызылорда қаласындағы «Астана» мөлтек ауданы тұсында орын тепкен Қызылорда каналында болды. Онда қалаға қарасты Тасбөгет кентінде тұрған 22 жастағы азамат суға кетті. Құтқарушылар марқұмның мәйітін бір сағатан кейін тауып алды.
Дәл осындай жағдай Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылы маңында орын алды. Ауыл маңындағы көлге 10 жастағы жасөспірім батып кеткен. Ауыл тұрғындары мәйітті өздері судан шағарып алған.  
«Облыс бойынша заңды түрде жұмыс жасайтын 3 жағажай тіркелген. Бір жағажай Шиелі кентінде болса, қалған екеуі Қызылорда қаласының аумағындағы Арай мөлтек ауданы мен Белкөл кентінің маңында орналасқан. Осыған орай қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында тұрғындар арасында насихат жұмысы басталды. Бұл бағытта рейд басталды», - дейді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова.
Бұған дейін жыл басынан бері Сыр өңірінде 1 адам суға кеткен еді. Бұл дерек Жаңақорған ауданында тіркелді. Төтенше жағдайлар саласы мамандарының айтуынша, түсіндірме жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қайғылы оқиғалар азайып келеді. Атап айтар болсақ 2015 жылы - 43, 2016 жылы - 35, 2017 жылы - 26 адам судан қаза болды.
30 мамыр 2018 ж. 1 887 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам