Ақ маржан тіс – ажарың
Біріші байлық – денсаулық. Оның ішінде тіс мәселесіне атүсті қарауға болмайды. Адамның есеюі мен қартаюы шағы соған байланысты. Мәселен, адам баласының алғашқы сүт тістері 6-8 айлығында жарып шығып, 3 жасында толық жетіледі. Сондай-ақ 6-7 жаста тұрақты тістері пайда болса, 14-16 жасқа жеткенде олар толық шығады. Алайда, адам баласында ең кеш шығатыны – ақыл тіс. Негізінде ол 16-25 жас аралығында шығып, адам ересек жанға айналады. Сөйтіп 32 тіс болады.
Елімізде азаматтардың көбісі осы мәселеден қиындық еөріп жүр. Маржандай тізілген тісі түгел азамат некен-саяқ. Қазақстанда ересектердің 40 пайызы тісі түгел емес екен. Кейбірінен 20 тісті әрең санауға болады. Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде мемлекеттік меншік түріндегі 570 стоматологиялық ұйым және мемлекеттік емес меншіктегі 1165 ұйым бар екен. Еліміз бойынша стоматолог және тіс дәрігерлерінің саны – 5 878. Ересектер арасында 20 және одан да көп тістері сақталғандардың қатары – 40 пайыз. 65-70 жас аралығындағы азаматтардың 15 пайызы протез салдырған екен. Осы орайда біз стоматолог дәрігердің пікірін алған едік.
Ол асқазанға да әсер етеді. Баланың денсаулығында оның алатын орны ерекше. Бүгінде стоматологиялық орталыққа зейнеткерлер көп келеді. Олардың көбісі уақытысында тісін емдемей, бәрін жұлдырып, бүлдіріп алған.
– Маржандай тізілген ажарыңызға ажар қосады. Ең бастысы, ол – денсаулықтың бірден бір көрсеткіші, айнасы. Ғалымдардың зерттеуінше, халықтың 98 пайызының осыдан қиындық көреді. Аурудың асқынуы адамның басқа да ағзасына залал тигізеді. Адамға стоматологиялық көмекті дер кезінде көрсетудің мәні өте зор. Беттің ажарын толықтырып тұрғанын айтпағанда, ол адамның бүкіл ағзасының дұрыс жұмыс істеуіне тікелей әсерін тигізеді. Оның атқаратын міндеті – тістер түгел және бүтін болса, тамақтың ағзаға сіңімділігі арта түседі, – деді I санаттағы дәрігер-стоматолог Ботагөз Спатаева.
Бүгінде оны салдыру, жұлдыру, емдету секілді жұмыстан шамадан тыс қымбаттап кеткен. Қаладағы стоматологиялық емханаларда дәрігердің тексерісі мен кеңесі 1000 теңгеден басталады. Оны емдеу мен тіс жұлу шамамен 5000 теңгені шамалайды. Ал алдыңғы тістерге орын босату мақсатында ақыл тісті жұлу 10 мыңнан жоғары екен. Жасанды тіс салу да осынша тұрады. Брекет салдыру 40 мың теңгені шамалайды.
Стоматологтың айтуынша, тіс жегі уақтылы емделмесе, ауруын аман сақтап қалу қиын болмақ. Мұның салдары бір жағымен тістеу, шайнау, тіс қайрау сияқты жаман әдеттерге әкеліп, астыңғы жаққа салмақ түседі. Нәтижесінде адамның бет-жақ сүйегінің кескіні бұзылып, қызыл иегі қашады. Артынша ортодонт пен тіс хирургі қызметіне жүгінуге тура келеді.
Біз көбіне оның қадірін ауырғанда білеміз. Ауру жанымызды қинағанда амалсыз тіс дәрігеріне барамыз. Бұл – көбімізге тән қасиет. Қандай ауру болмасын, жанымызға батып тұрса да, дәрігерге соңғы сәтте көрінеміз. Қазақта «Тісі ауырған жанның көңілін сұрамайды» деген сөз бар. Ол да дұрыс шығар. Қай кезде де денсаулыққа көңіл бөлгеніміз орынды. Оның әрбірі ағзамыздағы түрлі дерттен таза болуына оң әсерін тигізеді. Әдетте, аурудың астан болатынын жақсы білеміз. Бұл орайда тістің тазалығы басты орында тұратыны белгілі. Ендеше, оған бейжай қарағанымыз дұрыс емес.
Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.