Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болады – Бердібек Сапарбаев

Көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болады – Бердібек Сапарбаев

    Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасының мүшесі жоғары оқу орнында оқыса, 21 мың теңгенің жәрдемақысы 23 жасқа дейін төленеді.
       ERNUR.KZ. ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көпбалалы аналар үшін бөлек баспана кезегін құру мәселесі жайында айтты, деп жазады ҚазАқпарат. «Алтын алқа» иегерлері жалпы тізімде тұрмайды. Қазіргі кезде біз көпбалалы аналар үшін бөлек бір кезекті құру мәселесін пысықтап жатырмыз. Бірақ оны бірден жасай алмаймыз ғой. Бәрін жан-жақты қарау қажет. Қанша қаржы керек? Қанша баспана салу керек? Соның бәрін жан-жақты қарастырамыз», - деді Б.Сапарбаев бүгін Астанадағы көпбалалы аналармен болған кездесуде. Айта кетейік, жиын барысында министр көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің тағы бір жаңалығын жариялады. «Атаулы әлеуметтік көмекке келсек, Мемлекет басшысы нақты тапсырма берді, бұрын жанұяның әрбір мүшесіне табысты есептегенде (күнкөріс минимумның - авт.) 50 пайыздың деңгейінде болса, енді оны 70 пайызға көбейтеді. Егер бұрын 14 849 теңге болса, 1 сәуірден бастап оның көлемі 20 789 теңгеге көтеріледі. Ал енді Астана қаласында басқа өңірлермен салыстырғанда орта жалақы жоғары, сондықтан 21 698 теңгеге дейін көтеріледі. Біздің болжамымыз бойынша осы шарамен, кем дегенде, 830 мың қазақстандық қамтылады. Ал Астана қаласында, кем дегенде, 6 700-ге жуық», - дейді Б.Сапарбаев. Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасының мүшесі жоғары оқу орнында оқыса, 21 мың теңгенің жәрдемақысы 23 жасқа дейін төленеді. «Осылайша, осы уақытқа дейін жанұяның әрбір мүшесіне 4 834 теңге төленіп келсе, 1 сәуірден бастап отбасының әрбір мүшесіне 20 789 теңге төленетін болады. Ал Астана қаласында - 21 698 теңге. Ал отбасыдағы ер кісіге және әйел кісіге бұрынғыдай 10 500 теңге қосымша төленеді», - деп атап көрсетті Б.Сапарбаев. 


18 наурыз 2019 ж. 1 679 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам