Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Головкин спорттан қашан кететінін айтты

Головкин спорттан қашан кететінін айтты

  Әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин БАҚ-қа берген сұхбатында спортпен қашан қоштасатынын айтты. Сұхбат DAZN USA YouTube-арнасында жарияланды. 

   Спортшы одан бөлек DAZN-мен келісімі, Канеломен үшінші жекпе-жегі жайлы айтып өтті. Головкиннің айтуынша, DAZN стримингтік платформамен келісім жасамас бұрын GGG командасы қандай бағытқа бара жатқанын түнісуге тырысты. Головкиннің келісімі 3 жылға жасалған. Сәуір айында спортшы 37 жасқа толады. Осылайша келісім аяқталғанда Головкин 40 жаста болмақ. 

     "Мен 40 жасымда спортты тоқтататын шығармын деп ойлаймын. Бірақ, не боларын кім білсін. Маған мұны нақты айту мүмкін емес. Бірақ 40-тан асқан соң өз промоушеніммен айналысқым келеді", - дейді спортшы. Әйелім екеуміз 40 жаста спорттан кету туралы сөйлесіп көрмеппіз. Ол кезде өзіңнен гөрі отбасыңа көңіл бөлген дұрыс секілді", - дейді Головкин.
       Спортшы Канеломен болатын үшінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. 
"Мен үшінші рет "Канеломен" айқасқым келеді. Егер мұны ел қаласа, біздің үшінші жекпе-жегіміз болады", - дейді ол. 
19 наурыз 2019 ж. 1 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам