НЕЛІКТЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕЛЕАРНАЛАРДА ГОЛОВКИН МЕН МАРТИРОСЯННЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ КӨРСЕТІЛМЕЙДІ
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық спортшы Ванес Мартиросянның 5 мамырдағы жекпе-жегі қазақстандық телеарналарда көрсетілмейді.
Екі спортшы арасындағы айқас Астана уақытымен 6 мамырда таңертең АҚШ-та өтеді. Дүние жүзі күтіп отырған бұл жекпе-жекті 151 елдің көрермендері тамашалай алады. Бірақ, бұл тізімде Қазақстан жоқ.
Головкиннің жекпе-жегі АҚШ, Мексика, Латын Америкасы, Польша, Ұлыбритания және Ирландияның телеарналарында көрсетіледі.
«Қазақстанға келетін болсақ, бұл мәселені шешу үшін Qazaqstan мен Qazsport телеарналары келіссөздер жүргізіп жатыр. Алайда әзірше еш нәтиже жоқ. Ал ТМД елдері туралы айтатын болсақ, Головкиннің Мартиросянға қарсы күресі Ресейдің «Match TV» және «Match TV: Боксшы» арналарында көрсетілетін болады»,-делінген хабарламады.
Екі спортшы арасындағы айқас Астана уақытымен 6 мамырда таңертең АҚШ-та өтеді. Дүние жүзі күтіп отырған бұл жекпе-жекті 151 елдің көрермендері тамашалай алады. Бірақ, бұл тізімде Қазақстан жоқ.
Источник: Stan.kz