Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Еуроодақ Нұрсұлтан Назарбаевтың шешіміне пікір білдірді

Еуроодақ Нұрсұлтан Назарбаевтың шешіміне пікір білдірді

Еуропалық одақ сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі Майя Косьянчич Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті өкілеттігін тоқтату шешіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы жайында білдік. Ол Қазақстанның Президенті болған 30 жылға жуық уақыттың ішінде конституциялық реформаларды қоса алғанда жаңғыру реформаларын ілгерілетті. Президент Назарбаев бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке жәрдемдесуге айрықша мән бере отырып, өңірлік, сонымен қатар жаһандық деңгейдегі ынтымақтастықты дамытуды маңызды рөлге ие болды», - деді М.Косьянчич.
Сонымен қатар ол Қазақстан Еуропалық одақ үшін маңызды өңір болып қала беретіндігін баса айтты. «Еуропалық одақ үшін өңірдегі маңызды серіктес болып қала беретін Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде ЕО-мен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге ең бірінші қол қойған еді. Еуропалық одақ Қазақстанның ең бірінші сауда серіктесі әрі инвесторы болып саналады», - деді ол.
20 наурыз 2019 ж. 1 089 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам