Қызылордалық гимнастшыларда қола жүлде

ТӨРТ ҚҰРЛЫҚ ЖАРЫСЫНДА 12-14 жас аралығында сынға түскен жерлестеріміз Ақбота Өтеген, Раушан Аспандиярова, Əсел Марат, Динара Ерғалиева, Нұрай Нұрқожа, Аянат Ерланкызы жəне Ақерке Шілдебаева үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ, 8-10 жəне 12-14 жас (екі жас ерекшелігінде) аралығында шеберлік байқасқан қыздарымыз Аиша Сұлтан, Медина Ибрагим, Зере Абдықабыл, Кəусар Сейлбек, Айна Ақпанбет, Айнара Ерболат, Ақерке Елеусінова жəне Мерей Əбдікəрім СИНГАПУР КУБОГЫНЫҢ қола жүлделерін еншіледі. Жарысқа сегіз елдің гимнастшылары қатысты. Гимнастшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Гүлмира Абсұлтан жəне хореограф Гүлзат Расул дайындады.