Жетім балалармен кездескен Төреғали Төреәлі халықты риза етті (видео)

Әнші бір күндік уақытын ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арнады. Ол балаларға арнап ән шырқап, олармен бірге тал отырғызды. Сондай-ақ, бір дастархан басында әңгіме-дүкен құрып, оларға сыйлықтарын тарту етті.
Мұны көрген жұрт Төреғалиге риза болып, батасын берді.
"Алла разы болсын саған", "Жарайсың Төреш", "Көзіме жас келді, Алла сені жебеп жүрсін", - деп ақ тілегін білдірді оқырмандар.