Үкімет мүшелерінің аймаққа сапары

Кездесуге барлық аудандардан жиналған көп балалы аналар, «Батыр аналар», «Алтын», «Күміс» алқа иегерлері, әйелдер кеңесінің төрайымдары, үкіметтік емес ұйымдар және этномәдени бірлестік жетекшілері, мәслихат депутаттары, облыстық денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік сала мамандары қатысты.
Кездесуді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастап, аймақ тұрғындарының әлеуметтік жағдайына тоқталды.
– Бүгінгі күні біздің облыста 800 мыңға жуық тұрғын болса, оның әрбірінің тұрмыс жағдайы жақсы болуы біз үшін аса маңызды. Сондықтан табысы төмен, әсіресе көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі және жалғызбасты аналардың әл-ауқатын арттыру бағытында келелі міндеттер алға қойылды. Елбасы ұсынған әлеуметтік басым бағыттарды кезең-кезеңімен орындауда жүйелі жұмыстар жасалуда, – деді облыс әкімі.
Облыс тұрғындарымен болған кездесуде табысы төмен отбасыларға көмек көрсету, аз қамтылған азаматтар үшін тұрғын үй мәселесін шешу, білім беру мен денсаулықты нығайту, жан-жақты көмек көрсетуді қамтитын Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудың негізгі бағыттары түсіндірілді.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.