"Жақсы көремін": Ділназ Ахмадиева павлодарлық сүйіктісін таныстырды
Алғашқы некесі сәтсіз аяқталған Ділназ Ахмадиеваға жеке өміріне қатысты сауалдар жиі жолданады. "Тұрмысқа шығатын кез келді, бала табуың керек" - дәл осы сынды пікірлерден әнші шаршаған. Әйткенмен Ахмадиева бүгінде бақытты.
Қазіргі жігіті жайлы әнші "Түнгі студия" бағдарламасында айтып берді, деп жазады Stan.kz."Аты - Азильхан, Павлодар қаласынан келген жігіт. Өзі музыкант және әнші. Жақсы көремін бұл жігітті. Той қашан екенін білмеймін", - деді Ахмадиева. Ділназ өзі Азильдо деп еркелететін азаматты не үшін жақсы көретінін бір ғана сөзбен түсіндірді.
"Еркек", - деп қысқа қайырды ол.
Бұдан бөлек, өнер иесі Қанат Сыбановпен бірігіп түсірген клипі жайлы айтты. "Қанат 5 жыл бойы артымнан қалмады. Ақырында дуэт пайда болды. Ол кезде ән жоқ еді. Тек осы өлең ғана бізге жарасты", - дейді Ахмадиева.
Айта кетейік, аталған әнді кезінде Мұрат Насыров орындаған. Ділназ бұған дейін де марқұмның әйгілі "Я это ты" әнін халыққа жаңаша нұсқада ұсынған болатын.