"Жүргізушісі жоқ": Қытайда Димаштың әндері орындалатын жаңа көлік шығарылды

"Әлі сатылымға шықпаған жаңа нұсқадағы көліктің түсірілімінде болдық. Бұл көліктердің ішіндегі караокеде менің әндерім бар. Және де, аталған көлік жүргізушісіз қозғалады. Бұл көлікпен белгілі бір жерге жету үшін тек қана компьютерге нұсқау беріп, барар жеріңді белгілесең болғаны. Технология ғасыры.. Бейжің. Қытай", - деген жазба қалдырды әнші.