Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Димаштың якутиялық тыңдармандары әншінің өзінен айнымайтын қуыршақ жасап сыйлады

Димаштың якутиялық тыңдармандары әншінің өзінен айнымайтын қуыршақ жасап сыйлады

  Димаш Құдайбергеннің сахалық (Якутия) тыңдармандары әншінің өзінен айнымайтын қуыршақ жасап, сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат якутиялық фан-клубқа сілтеме жасап.
«Якутиялық Dears делегациясы Димаштың Мәскеудегі жеке концертінің алдында өткен препатиге қатысты. Қыздар құр қол бармайық деп өз қолымен сыйлық жасап апарды. Ол – өте талантты шебер @khaardolls қолынан шыққан топсалы эксклюзивті қуыршақ болатын. Бұл қуыршақ әлемде біреу ғана, ол да Димаш сияқты бірегей!», - деп жазды тыңдармандар Инстаграмдағы парақшасында.
 Бұл қуыршақтың қалай жасалғанын мына сілтемеден көре аласыздар. Жанкүйерлердің айтуынша, оның жасалу тарихы да өзгеше. «Қуыршақтың Бали аралдарында жасалғанының өзі көп нәрседен хабар беріп тұр емес пе!? Қуыршақты жасау процесі тынымсыз еңбекті, маңдай терді, шеберлік пен шыдамдылықты, талант пен өз ісіңе деген іңкәрлікті талап етеді», - деп жазады тыңдармандар.
27 наурыз 2019 ж. 1 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 201 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам