Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Халқыма ризамын": Гауһар Әлімбекова дұғаның арқасында ақталып шыққанын айтты

"Халқыма ризамын": Гауһар Әлімбекова дұғаның арқасында ақталып шыққанын айтты

Кеше Алматы қаласында өткен сот отырысында танымал әнші Гауһар Әлімбекова ақталып шықты. Бұған дейін алаяқтық жасады деп айыпталған әншінің кінәсі дәлелденбеді. Өз сөзінде Әлімбекова өзіне қолдау білдіргендерге алғыс айтты. Сіздердің дұғаларыңыздың арқасында жеңіп шықтым, дейді ол, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

"Сіздерді жақсы көремін. Сіздердің дұғаларыңыздың арқасында жеңіп шықтым деп ойлаймын. Қорғаушылардың ақысыз көмек көрсеткені үшін алғыс білдіремін. Олардың жолына да ақша берген жоқпын. Өз еркімен көмектесті. Алланың бар екеніне күмәнданбаңыздар. Бірінші Алла, екінші сіздердің дұғаларыңыздың арқасы, үшіншіден, өзімнің сенімім себеп болды деп ойлаймын. Сіздерге үлкен рахмет!" - дейді Әлімбекова.
Сонымен қатар, әнші өзін айыптаған Бақыт Назароваға неліктен халықтан жиналған ақшаны бермегенін түсіндірді. 
"Халықтан ақша жинауды ешқашан сұраған емеспін. Керек десеңіздер, түрмеде отырған кезде Шынқуат Байжанов келгенде айқайлап жылап, ол ақшаны не үшін жинап жатқанын сұрадым. "Не үшін жинап жатырсыздар? Қайта менің халыққа беруім керек. Халықтың ақшасын қайтарыңыздар!" дедім. Мен әншілерді кінәлайын деп отырған жоқпын. Олар да маған жанашыр, тілектес болды. Ерғали мен Ақботаға алғысым шексіз! Олар басында істің мән-жайын білген жоқ", - дейді әнші.
Өз сөзінде өзінің де жәбірленуші екенін айтқан Гауһар Әлімбекова өзінің үш үйді ала алмай қалғанын жеткізді. Мұны ешқашан айтпай келдім, дейді ол.
"Ол (Бақыт Назарова – ред.) бір үйден ұтылса, мен үш үйден ұтылдым. Ол пәтерін жалға беріп отырды. Егер менің арам ойым болса, өзім тұрған үйдің жанынан үй алғызып, көрші боламын ба? Сондықтан халықтың ақшасынан бір тиын да алмаймын. Оған ешқандай қақым жоқ. Ол ақша халыққа қайтарылуы тиіс", - дейді Әлімбекова.
Сондай-ақ, ақталып шыққан әнші алдағы уақытта қайырымдылық мақсатында концерт ұйымдастырып, кешке өзіне тілеулес болып, қолдау білдіргендердің бәрін шақыратынын айтты. Халқыма ризамын, деп түйіндеді Әлімбекова.
12 сәуір 2019 ж. 1 429 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 432 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам