Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Гауһар Әлімбекова абақтыдан босатылды

Гауһар Әлімбекова абақтыдан босатылды

  Алты жылға бас бостандығынан айырылған әнші Гауһар Әлімбекова сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін, 2019 жылдың 4 ақпанында Алматының Алмалы аудандық соты Әлімбекованың адвокатының оны қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қолхатпен босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Сот Әлімбекованың сотқа дейінгі тексеру барысында бұлтартпау шараларын бұзбағанын, тұрғылықты мекенжайы бар екенін және осыған дейін сотты болмағанын ескерді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер. Желіде Гауһар Әлімбекованың үндеуі таралып жатыр Еске салайық, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.  Кейінірек әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын айтып берген еді. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеді. Айта кетейік, әншінің "Ақ келін", "Көктемге хат", "Жас келін", "Қыз сезімі", "Оралшы махаббат", "Ақмаралым" әндері жұртшылыққа кеңінен таралып, танымал болған. Оның әніне жазылған өлеңдерді танымал эстрада жұлдыздары орындаған.

04 ақпан 2019 ж. 1 505 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 202 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам