Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Өз ойым» бағдарламасын жаба алмайсыңдар

«Өз ойым» бағдарламасын жаба алмайсыңдар

Көптің наразылығына соңғы кезде жиі ұшыраған Ләйлә Сұлтанқызы тағы да сынның астына қалды.
Көптің наразылығына соңғы кезде жиі ұшыраған Ләйлә Сұлтанқызы тағы да сынның астына қалды. Көптің талқысына түскен "Өз ойым" бағдарламасының бір ұшы Ләйлә Сұлтанқызына тиіп жатыр. Ол өзінің инстаграмдағы парақшасында пікір қалдыруға тиым салған. Алайда, тележүргізушінің әнші Жазира Байырбекованың жазбасына білдірген пікірін көпшілік жаппай сынға алды. Жанболаттың Жазирасы қаншама қазақ жастарын құмар ойынның құрығына іліктірген ойынханалар мен букмекерлік кеңселерді жабу туралы жазба қалдырған болатын.
"Букмекер орталығын ашып, қаншама отбасының шырқын бұзып отырған кәсіпкерлер біреулердің бақытсыздығынан тапқан арам ақшаға қалай перзенттерін тамақтандырады екен... Жемқорлықпен, алдап-арбаумен, біреудің көз-жасынан тапқан табысты табыс емес, күндердің бір күні қарғыс болып тиетінін білмейді-ау кейбіреулер... Осындайларды мүлдем жауып тастау өкімет басшыларына соншама қиын шаруа ма, неге Өзбекстан сияқты жауып тастамайды екен. Аллам түзу жолдан тайдырмасын!», - деп жазды Жазира Байырбекова.
Қаншама отбасын ойрандап, жас ұрпақтың санасын кірлеткен ойынханаларды айтқанда жұрт бей-жай қарай алмайды. Көкейіндегі пікірлерін жазып жатыр. Пікір алаңына «Өз ойым» бағдарламасының жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы да өз ойымен бөлісіпті.
«Жазира өкінішке орай жаппайды, жаба алмайды. Себеп салығы деген бар, заңмен қорғалғаны тағы бар. Қазір ештеңе емес метеорит сияқты дамып келе жатқан біздің елде 20 жылдан кейін жағдай қалай болады деп этнолог не социологтан сұрасаң, жағдай қорқыныштылау. Ал күресу жолын ешкім айтпайды, демек айта алмайды. Просто ол жоқ», - деген пікір қалдырған Ләйлә Сұлтанқызы. Өз парақшасында пікірге бұғат қойған тележүргізушінің пікірі оқырманға ұнамады.
Олар, Ләйлә Сұлтанқызы «Өз ойымды» жаба алмайсыңдар деген ниетпен жазып отыр деп топшалады. « Өз ойымды да солай жаба алмайсыңдар дегенге келтіріп отыр ғой», «Сіз әлі Қазақстандасыз ба? Кетіңізсей, өтініш», «Өзіңізге комментарий жауып қойып, өзге парақшада пікір қалдырыпсыз!», «Ұлттың болашағына алаңдамай-ақ қойыңызшы, типа жаныңыз ашымасын. Ұялмай қалай жазып отырсыз осы комментарийіңізді. ҰЯТСЫЫЫЫЫЗ.», «Соны айтам ұлтты уайымдап қалыпты ғой аяқ астынан. Өзінің ұлдары осындай жерде жүрсе көрер едім не боларын», «мұнда да xайп үшін комментарий қалдырған шығарсыз, әр бір ұстаған xайп үшін салық төлесеніз жақсы ғой, xотя біреудің өтірік өмірін шындай қылып көрсету тоже заңмен қорғалатын шығар»,«сізді қоғамға пайдасы бар деп айта алмаймын.
Тіпті коғам қайраткері деген атқа да лайық емессіз.»,- деген реніштерін білдірді желі қолданушылары мен оқырмандар.
ernur.kz
14 сәуір 2019 ж. 1 773 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам