Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ел келешегі халықтың шешіміне тікелей байланысты

Ел келешегі халықтың шешіміне тікелей байланысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық үшін аса маңызды Үндеу жариялап, осы жылғы 9 маусымда кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу туралы шешім қабылдады.
Бұл Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттілігін тоқтатқаннан кейінгі дұрыс шешім болды деп санаймын. Себебі келесі жылы өтетін сайлауды күтудің ешқандай қажеттілігі жоқ. Біз жаңа Президентпен бірге өзіміздің бағыт-бағдарымызды да айқындап алуымыз қажет. Бұл өз кезегінде осыған дейін Елбасының сындарлы саясатының арқасында қол жеткізілген жетістіктер, әлеуметтік тұрақтылық пен әлем алдындағы Қазақстанның абыройын одан әрі нығайтуға септігін тигізері сөзсіз.
Сондықтан да елдің жарқын болашағы үшін бұл саяси науқанға барлығымыз біркісідей атсалысып, ауызбіршілік танытайық. Өйткені ел келешегі халықтың шешіміне тікелей байланысты. Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев та өз сөзінде атап көрсетті.
Осы сайлауда көптеген ұлт пен ұлыс мекен еткен ортақ Отанымызды одан әрі дамытатын, халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыратын, әлемдік аренадағы даңғыл жолын айқындайтын Президентті таңдауымыз керек. Өйткені ұлт болып ұйысып, қоғамның алға қарай жылжуы тікелей мемлекет басшысына байланысты. Сол үшін 9 маусым күнгі саяси науқанда ұйымшылдық танытып, ел Президентін сайлап алуға шақырамын.
Нұрлан ИМАНДОСОВ,
"Рза-Агро" ЖШС директоры
Қазалы аудандық мәслихатының депутаты
17 сәуір 2019 ж. 1 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 078 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам