Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Головкиннің келесі жекпе-жектен алатын сыйақысы белгілі болды

Головкиннің келесі жекпе-жектен алатын сыйақысы белгілі болды

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) DAZN стриминг сервисіндегі алғашқы жекпе-жегінен алатын сыйақысы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
GGG 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізеді, қарсыласы - әлі жеңілмеген канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО. Кездесу 164 фунт салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл Головкин мен DAZN стриминг сервисі арасындағы үшжылдық келісімшарт аясында өтетін алты жекпе-жектің алғашқысы болмақ. Boxingnews24.com журналисі Аллан Фокстың ақпараты бойынша, бұл жекпе-жек үшін Головкин 15 миллион доллар алуы мүмкін. 
"Головкин Роллспен кездесу үшін 15 миллион доллар алады деген қауесет тарап жатыр. Бұл жекпе-жек деңгейіне сай келмейтін ақша. DAZN Головкин мен оның менеджментіне платформадағы дебюті үшін оңай кездесу ұсынған болар. Бірақ Роллспен жекпе-жектен кейін GGG өзінің келісімшартын Сауль Альварес, Дэниэл Джейкобс, Деметриус Андраде мен Джермалл Чарло секілді "арыстандарға" қарсы кездесулерде ақтайды", - деп жазды журналист.
Айта кетейік, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін былтыр қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткізген еді. Сол кезде ол мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (51-1-2, 35 КО) төрешілер шешімімен ұтылып, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылған болатын.
18 сәуір 2019 ж. 1 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 929 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам