Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Үш қыздың туған анасы: Әкелері өгей ананың қыздарды ұрып жүргенін білген, тіпті қолдап отырған

Үш қыздың туған анасы: Әкелері өгей ананың қыздарды ұрып жүргенін білген, тіпті қолдап отырған

Түркістан облысында өгей анасынан зәбір көрген үш қыздың туған анасы өз нұсқасын айтты. Оның айтуынша, әкесі қыздарының өгей анасынан қорлық көріп жүргенін бұрыннан біледі. 

Жетісайдағы үш қыздың туған анасы: Әкелері өгей анасының қыздарды ұрып жүргенін білген, тіпті қолдап отырған
Фото: otyrar.kz
Үш қыздың туған анасы Жұлдыз бұл істе қыздардың әкесін кінәлап отыр. Әкесі екінші әйелінің әрекетін білген. Қыздарды ұрып-соғып жүргенінен хабардар болған. Тіпті зәбір көрсетуін қолдап отырған болуы мүмкін, деп жазады Отырар-ға сілтеп Stan.kz.
Жұлдыз күйеуімен заңды ажырасқан. Сот шешіміне сәйкес, анасы да, әкесі де балаларының қамқорлығына жауапты болған. Алайда бұрынғы күйеуі Жұлдызды балаларымен араластырмай, тіпті үйіне жаңа әйел алып келген. Жұлдыздың айтуы осылай. 
Қыздардың туған анасының айтуынша, бұрынғы күйеуі салафиттік ағымға кірген. 
"Мен де бастапқыда өз еркіммен намаз оқығанмын. Хиджаб кидім. Бірақ мен жедел жәрдем қызметінде жұмыс істедім. Сондықтан хиджаб киюге рұқсат болмады. Сол үшін күйеуім небір сөздер айтты. Жезөкшеге теңеді", - дейді Жұлдыз. 
Қыздардың әкесі Нұрмухамедтің теріс ағым ұстанатынын полиция департаментінде растады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісай қаласында өгей ананың үш қызына қорлық көрсетіп келгенін хабарлаған едік. Қыздардың денесіндегі жараларды мектеп мұғалімдері көрген. Директоры полицияға хабарласқан соң, істің ақ-қарасы анықтала бастады.
19 сәуір 2019 ж. 3 273 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам