Жетісайлық өгей ананың бір жарым жасар сәбиі "Мамандандырылған бөбектер үйіне" орналастырылды

Осы отбасындағы бір жарым жасар сәби Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының "Мамандандырылған бөбектер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орналастырылды. Істі болып жатқан, жасөспірімдердін әкелерімен бірге тұрған әйел сот шешімімен, жүктілігіне (30 апталық) байланысты үй қамауына алынды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.
Жасөспірімдер ұдайы психологтардың бақылауында. Айта кетейік, 28 жастағы әйелге 2003, 2005 және 2007 жылғы қыздарды қорлады деген айып тағылған. Осыған дейін өгей ана қыздарды қанша рет және қалай жазалағаны туралы жазбаша есеп жүргізген. Қыздардың туысы болып келетін Эльвира Қойымбетованың айтуынша, олардың туған шешесі бес жыл бұрын тастап кеткен, содан кейін балалар анасын көрмеген.