Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Үйімді тартып алды": Бақыт Шадаева әріптесі Сейфуллин Жолбарысқа не үшін ренжіп жүргенін айтты

"Үйімді тартып алды": Бақыт Шадаева әріптесі Сейфуллин Жолбарысқа не үшін ренжіп жүргенін айтты

Бақыт Шадаева мен Сейфуллин Жолбарысты араздастырған пәтер мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі НТК арнасына сілтеме жасап. 

Бакыт
Былтыр Бақыт Шадаева Сейфуллин Жолбарыс үйімді тартып алды деп айыптаған еді. Бұл дау қызу талқыға түскенімен, сазгерден жауап болмаған. Әріптестерді араздастырған баспана мәселесі әлі күнге дейін шешілмепті. Бұл жайында Бақыт Шадаева пікір білдіріп, әркімнің өз ісіне жауап беруін талап етті.
«Жоқ шешілмеді. Шешілмей ме деп қорқамын. Әркім өзінің ісіне жауап берсін. Мен жауап күтемін, бірақ Сейфуллин Жолбарыстан жауап болмайды деп ойлаймын», - деді әнші.
Осы уақытқа дейін жұмған аузын ашпаған композитор Шадаеваның сөзі шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Өнер иелерінің арасындағы іскерлік қарым-қатынас 2000 жылдары өрбіп, Жолбарыс әншінің альбомын жазғандағы ақысы есебінде үйін алатын болып келіскен. Даулы пәтерді баяғыда ауыстырып, басқа үйге көшіп кеткен композитор Шадаева ханым жалған айтты деп айыптайды.
«Ешқандай үйге талас болған жоқ. Кезінде Бақыт Шадаевамен бір альбом жазғанда жұмыс істегенмін. Оның өзімен емес, продюсерімен келіскенбіз. Студиядағы жұмыс, аранжировка барлығы үшін ақша емес, үй береміз деп шешті. Одан кейін қанша пәтер алып, қанша үй ауыстырдым. Ол 2000 жылдардағы пәтерлер емес пе? Қазір мен тұрмақ, балаларымның үйі бар. Бәлкім бұл пиар жасаудың бір түрі шығар», - деп шорт кесті Сейфуллин Жолбарыс.
24 сәуір 2019 ж. 2 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам