"Жылап өмір жалғасуда": Гүлзира Айдарбекованың анасы туралы естелігі жұрттың жүрегін елжіретті
Продюсер Гүлзира Айдарбекованың анасы жайлы жазған жазбасы мен жариялаған видеосы жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Instagram парақшасына анасының ескі бейне жазбасын жүктеп, жүрек жарды сөздерін жазып, өміріндегі ең аяулы жанды еске алды ол. Адамның тірісінде қадірін біліп, бағалау керектігін алға тартқан продюсер анасын қатты сағынғанын жеткізді. Маңдайынан иіскемек түгілі, дауысын естуге зар болғанын айтып өкінді Гүлзира ханым.
«Кетер әкең де, анаң да кетер, кеткенше саған алаңдап өтер, тірі кезінде құрметте бәрін, өкпелегенше заманға бекер! Анашым енді сенің бейне баяның мен суреттеріңе үңіліп еске алғаным болмаса, жүзіңді көріп маңдайыңнан иіскемек түгілі, телефоннан дауысыңды да ести алмаймын. Тек Құранымыз ғана саған жеңілдік болар. Сізден айырылғанымыз ұл-қыздарыңды жақындастырып кеткендей, күйбең тіршілікпен іздеуді де ұмытушы едік, енді міне ватсап арқылы xабарласуымыз жиілеп, күнде өзіңді айтумен бір күліп, бір жылап өмір жалғасуда», - дейді ол.
Әрі қарай продюсер әулетін айтып, анасының осы әулеттің шамшырағы болғанын еске алды. Текті шаңырақтан шыққан Зейфунун анасы қайтқаннан кейін отбасының бір-біріне жақындай түскенін де жасырмады. Бүгінде әруағына Құран бағыштап, ұрпағы үшін дұғада болғаннан өзге қолынан еш нәрсе келмейтініне өкінді Гүлзира Айдарбекова.
«Дәрібай атамыздан тараған жалғыз тұяқ әкемізді үлкен әулет етіп, 5 ұл, 3 қыз, 31 немере, 59 шөбере сүйдірген сен біз үшін ең сұлу анасың! Анашымның әкесі Башар атамызға ешкім қарсы келмейтін өте үлкен молда болыпты. Парасатты кісілерді жер аударуға үкім шығарғанда, елден кетпеймін деп, Қазақстанымызда көз жұмайын деп дұғада болып, өз жерінде көз жұмыпты. Анашымның есімін әкесі Зейфунун деп ерекше атаған екен, бұл есімді әлі күнге ешкімнен кездестірмедім. Жаның жәннәтта болсын анашым! Сағындым...», - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Пікір қалдыру