Студент 30 жыл оқып, 145 диплом алған
Оқуды бітіріп, диплом алу - қарапайым тапсырма емес. Ал егер олардың саны 145 болса ше? Үндістанда профессор Партибан (Parthiban) Ченнаи қаласында студенттерге дәріс оқиды. Ол соңғы 30 жылда 145 диплом алған және бұнымен тоқтап қалғысы келмейді деп хабарлайды bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Партибан көптеген саланы оқып бітірген.Соның нәтижесінде профессор Ченнаидің әр түрлі колледждерінде 100-ден астам пәннен студенттерге дәріс оқиды.
Ол құқық, коммерция, өнер, бизнесті басқару және тағы басқа салалар бойынша магистр дәрежесін алған.
"Осының бәріне қалай үлгердіңіз?"- деп сұрайтындарға 50 жастағы профессор "әрқашан білмегенімді оқуға талпынамын", - деп жауап берген.
Ол ең бірінші дипломын алған кезде, жинақы болмапты.
Емтиханға дайындық кезінде басқа пәндерге деген қызығушылығы арта беретінін байқаған.
Оған барлық ғылым салалары қызық болып көрініпті. Партибан жақсы дайындықпен университетке қабылданып, екінші дипломын алған. Содан кейін үшінші. Ал сосын тағы 142 мамандық иесе атанған.
Партибан бірнеше курсқа бір уақытта барады.
"Соңғы отыз жылда мен үнемі емтиханға дайындалып, жаңа диплом алу үшін көп оқимын. Әрбір жексенбі күні менде емтихан немесе ғылыми жұмыс жазу", - деді ол.
Жүзден астам пәннен дәріс оқу оңай емес. Кейде профессор аудиторияға барып, қандай тақырыпта дәріс оқу керектігін ұмытып қалады.
"Бірақ студенттер ешқашан ренжіген емес", - деді ол.
Партибан әйелімен және банк қызметкерімен бірге тұрады. Олардың тоғыз дипломдары бар. Профессордың ұлы мен қызы инженер мамандығын бітірген.